Оқиға

Астанада қатты желден мұнара краны құлап қалды

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Елорданың 188-ші көшесінде салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінде мұнара краны құлап түсті.

Мемлекет басшысы Астанадағы құрылыс жоспарларымен танысты

Болған оқиғаның нақты себебі әзірше белгісіз.

"Оқиға шамамен 16.00-де болды. Тапсырыс беруші – қаланың құрылыс басқармасы. Бастапқы деректер бойынша, кран тұйық тіреуішке соғылған болса керек. Қатты желден құлап қалған ғой", — деп "Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жакубаев Sputnik Қазақстанға мәлімет берді.

Төтенше оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Астана тұрғындарының бірі Facebook парақшасында жариялаған видеода кран құрылыс басында жерде жатыр екен.