АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Өзбекстанның екі азаматы Ақтөбе облысында Самара-Шымкент жолында көлік апатынан қаза тапты.
Дүйсенбі күні Самара-Шымкент жолында Өлке ауылына жақын жерде КамАЗ бен Өзбекстан азаматтары мінген Opel Astra соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 40 жастағы жүргізуші Зохиджон Исаков пен 43 жастағы жолаушы Кодиржон Юлдашев ажал құшты. Олардың денесі Ақтөбе қаласындағы мәйітханаға жеткізілген.
"Өзбекстан СІМ, ІІМ және денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетімен өзара әрекеттесе отырып, қайғылы оқиғаны қаза тапқандардың отбасына хабарлап, мәйіттерді елге жеткізу мәселесі қарастырылуда", — деп мәлімет берді Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметі.