Оқиға

Маңғыстаудағы көліктің өртенуі: өзбек азаматтарына қатысты жаңа дерек шықты

Жазылу
Көлікте жанып кеткен жеті адамның кім екенін анықтау үшін ДНҚ сараптама жасалады

АСТАНА, 3 наурыз  — Sputnik. Өзбекстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі көлікте жанып кеткен азаматтар туралы мәліметті нақтылады. Ақпарат жұма күні ведомство сайтында жарияланған.

Жанып жатқан көлік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Маңғыстау облысындағы жол апатында алты Өзбекстан азаматы тірідей өртеніп кетті

Қайғылы оқиға 1 наурызда Ақтау-Бейнеу тас жолында болды. Lada Largus жеңіл көлігі мен Shacman жүк көлілігі соқтығысып, салдарынан Lada өртеніп кетеді. Министрлік бастапқыда жеті адамның қаза тапқанын, олардың алтауы Өзбекстан азаматтары екенін хабарлаған еді.

"Жол апаты салдарынан көлік өртеніп, оқиға орнында, бастапқы деректер бойынша, жеті азамат көз жұмды. Соңғы деректерге сәйкес, бәрі Өзбекстан Республикасы азаматтары", — делінген хабарламада.

КТК арнасының хабарлауынша, қаза тапқан жеті адамның кім екенін анықтау үшін ДНҚ сараптама жасалады.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, көлікте 22 және 40 жас аралығындағы алты жолаушы мен бір жүргізуші болған.

Жаңалықтар
0