Өңірлер

Астанаға емделуге кетіп бара жатқан Орал тұрғынына шұғыл операция жасалды

Орал тұрғынын Ақтөбеде пойыздан түсіріп, бауырын алмастыру операциясын жасаған
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Ақтөбеде корей хирургі бауыр алмастыру операциясын жасады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Темір шарбаққа құлап кеткен ер адамға алты сағат операция жасалған

Басылымның мәліметіне сүйенсек, 55 жастағы Орал тұрғыны цирроз дертіне шалдыққан екен, Астанаға ем алуға кетіп бара жатыпты. Алайда жолда әйелден кенет қан кете бастаған. Ақтөбеде оны тез арада пойыздан түсіріп, облыстық ауруханаға жеткізіпті. 

Ақтөбеде бұл кезде атағы әлемге әйгілі корей хирургі Ли Кванг Вунг болған екен. Ол диагностикалық орталық құрылысына қатысты шартқа қол қою үшін келіпті. Корей дәрігері әйелдің бауырын ауыстыру үшін операция жасауға шешім қабылдады, науқастың 20 жастағы қызы донор болған.

Жас қыздың ағзасы бір ай ішінде қалпына келеді екен. Ал анасы әлі жансақтау бөлімінде жатыр.