Өңірлер

Темір шарбаққа құлап кеткен ер адамға алты сағат операция жасалған

© Photo : "Мой город" / соцсетиТемір шарбаққа құлап кеткен ер адамға алты сағат операция жасалған
Темір шарбаққа құлап кеткен ер адамға алты сағат операция жасалған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Темір шарбаққа құлап кеткен ер адам өлім ауызында жатыр

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Оралда шатырдан темір шарбаққа құлап кеткен жұмысшыға алты сағат бойы операция жасалған, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Аурухана берген мәлімет бойынша, ер адамды ауруханаға темір шарбақпен бірге алып келген, шарбақтың өткір ұштары оның қарнын тесіп кетіпті.

Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, шарбақты ауруханаға жеткенше алып тастаса, ер адамның тірі қалуы екі талай еді.

Қазір зардап шегушінің хәлі аса ауыр.

Қайғылы оқиға болған "Бавария" кафесінің иесі мән-жайды айтып берді.

Шатырда құрылыс жұмыстарын орындап жатқанда, ер адам сақтандыру арқанын тағып алыпты. Кейін шешіп тастаған кезде, аяғы шалынып, төменге құлап кеткен.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде зардап шегушіге қан тапсыру қажеттігі туралы ақпарат таратылған болатын. Ауруханадағылар қанның жеткілікті екенін атап өтті.


Жаңалықтар
0