Өңірлер

Алматыда адам қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

21 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, дәрігерлер келгенше көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жас жігітті көлік қағып өлтірді. 

 Куәгерлердің айтуынша, зардап шегуші түнде жолды кесіп өте бергенде белгісіз автокөлік қағып кеткен. 1996 жылы туған жігіт жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды.     

Полицейлер оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр. Мән-жайды анықтаумен жол және криминальды полиция қызметкерлері айналысуда.