АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Жезқазғанда бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға жексенбі күні таңғы 03:04 кезінде болған. Өрт сөндірушілер анықтағандай, екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз өртеніпті. Жалын жарты сағатта сөндірілді. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құраған.
Өрт сөндірушілердің күшімен 17 адам құтқарылып, 33 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оқиға орнында 1988 жылы туған әйелдің денесі табылды. Бастапқы өрт себебі – темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.