Өңірлер

Темекісін сөндіруді ұмытқан қыз өрттен ажал құшты

CC0 / Lukas Bieri / Темекі
Темекі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жезқазғанда бес қабатты үйден шыққан өрт кезінде 17 адам құтқарылды

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Жезқазғанда бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда базардан өрт шықты

Қайғылы оқиға жексенбі күні таңғы 03:04 кезінде болған. Өрт сөндірушілер анықтағандай, екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерде жиһаз өртеніпті. Жалын жарты сағатта сөндірілді. Өрт аумағы 10 шаршы метрді құраған.

Өрт сөндірушілердің күшімен 17 адам құтқарылып, 33 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Оқиға орнында 1988 жылы туған әйелдің денесі табылды. Бастапқы өрт себебі – темекі шегу кезінде қауіпсіздікті сақтамау.


Жаңалықтар
0