Спорт

Мұхамедиұлы: "Самұрық-Қазынаның" спортты қаржыландыруы көптеген сауал туғызады

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдегендей, "Самұрық-Қазына" спорттық командаларды тікелей қаржыландырмай, мәдениет және спорт министрлігі арқылы жүзеге асыратын болады
Sputnik

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының спорттық командалар мен үлкен спортты қаржыландыру процесі көптеген сұрақ туғызады, деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мұхамедиұлы: Жүрсін Ерманмен бірге айтыс өткізуді жоспарлап отырмыз

Министрліктің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ол спорттық жобаларды қаржыландыруды қысқартуына байланысты "Астана" ралли-рейд командасының қызметін қаржыландырудың тоқтатағаны туралы айтты.

"Самұрық-Қазына" ұлттық компаниясы "Астана" президенттік клубын басқаруды Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігіне берді", — деді министр. 

Мұхамедиұлы атап өткендей, әңгіме қомақты қаражат туралы болып отыр, сол себепті ахуал толығымен айқындалғанша қаржыландыру тоқтатылды.

Процестердің анық-қанығын білу үшін Мәдениет және спорт министрлігі спортшылар, депутаттар мен қоғам қайраткерлерінен тұратын қамқоршылық кеңес құрған.

"Енді бүкіл спорт саласын бір құзыретті орган қадағалайтын болады. Бұған дейін мұнымен "Самұрық-Қазына" айналысып, ақшаны тікелей аударатын, әлбетте, бұл айқын емес еді, сондықтан көптеген сауал туындап отыр. Қазір біз мұны мәдениет және спорт министрлігінің құзыретіне тапсырдық", — деп атап өтті ведомство басшысы.