АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылға дейін кемінде 25 мың орындық жатақхана салуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Назарбаев барлық жоғары оқу орнында грант құнын ұлттық жоғары оқу орындары гранттарының деңгейін жеткізуді тапсырды.
"Барлық жоғары оқу орнында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша грант құнын ұлттық жоғары оқу орындары гранттарының деңгейіне дейін көтеру керек. Бұл шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен қамту деңгейін ұлғайтуға септігін тигізеді. Бұл адам ресурстарына, яғни білімге құйылған инвестиция. Бір жағынан, әлемдік стандарттар бойынша білім жүйесін құру кезінде біз студенттерді оқыту мен олардың өмір сүру жағдайына назар аударуымыз керек. Өйткені, бәрімізге белгілі, басқа қаланың жастары қаланың шетіндегі ескі үйлерді жалдауға мәжбүр. Осыдан кейін қандай сапалы білім алу туралы сөз болуы мүмкін", — дейді Елбасы.
Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін президент жоғары оқу орындарына еуропалық компаниялармен бірлесіп жатақхана салуды тапсырды.