Қоғам

Түрмеде аузын тігіп тастаған қырғызға қатысты мән-жай белгілі болды

Ер адам екі жыл бұрын сотталып, он бес жарым жылға бас бостандығынан айырылған
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Тараздағы түрмеде аузын тігіп тастаған қырғызстандық 2016 жылы желтоқсанда аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін сотталып, 15 жыл алты айға бас бостандығынан айырылған. 

Sputnik Қазақстанның мәліметін ІІМ қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі растады. 

"ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 1981 жылы туған азамат аузын аздап жарақаттаған. Оның себебі қыс кезінде жатқызылып, тұрақты түрде ем алып жүрген ауруханадан шығарылуына қарсылық білдіруі болды. Бұл дерек ақпаратты тіркеу кітабында жазылып, Тараз қаласының ІІБ-нен жедел-тергеу тобы шақырылған", — деп мәлімет берді ҚАЖК.

Алайда Э. Тентемишевтің өзі түрме басшылығы тарапынан ұлттық кемсітушілік көргенін алға тартады. Қырғызстанның омбудсмен сайтындағы мәліметке қарағанда, сотталған азамат ІІІ топ мүгедегі екен.

Тараз түрмесінде отырған қырғыз азаматы аузын тігіп тастады

"Көрші елдің бас прокуратурасы бұл ақпаратты теріске шығарды. Сотталған азамат мүгедек, бірақ бұл Қырғыз Республикасының азаматтығына байланысты тіркелмеген", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Қазір 37 жастағы ер адамның денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда. 

ҚАЖК хабарлауынша, былтырғы жылдың басында бас прокуратура Тентемишевті отанына қайтару мүмкіндігін қарастыру үшін Қырғызстанға тиісті құжаттарды жолдаған.