Спорт

Футбол федерациясы Стойловтың жалақысына қатысты мәлімет берді

Футбол федерациясының айтуынша, Станимир Стойловтың жалақысы 800 миллион теңге емес
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Қазақстанның футбол федерациясы БАҚ көздерінде айтылған ел құрамасының жаңа бапкері Станимир Стойловтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бірқатар БАҚ-та пайда болған ұлттық құраманың жаңа бапкері Станимир Стойловпен жасалған шарттың сомасы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", — делінген федерация мәлімдемесінде.

Бұдан бұрын кей басылымдар болгариялық маман Қазақстан құрамасын жаттықтырғаны үшін жылына 800 миллион теңге алады деп жарыса жазған еді. 

Стойловтың Қазақстан ұлттық құрамасымен келісімшарты екі жылға бекітілген.