АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Қазақстанның футбол федерациясы БАҚ көздерінде айтылған ел құрамасының жаңа бапкері Станимир Стойловтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Бірқатар БАҚ-та пайда болған ұлттық құраманың жаңа бапкері Станимир Стойловпен жасалған шарттың сомасы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", — делінген федерация мәлімдемесінде.
Бұдан бұрын кей басылымдар болгариялық маман Қазақстан құрамасын жаттықтырғаны үшін жылына 800 миллион теңге алады деп жарыса жазған еді.
Стойловтың Қазақстан ұлттық құрамасымен келісімшарты екі жылға бекітілген.