Өңірлер

Қарағандыда екі әжей көлік астына түсті

Қазір полиция оқиғаны тергеп жатыр, жүргізуші он жылға сотталуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Қарағандыда Октябрь ауданында екі зейнеткер артқа жылжып бара жатқан көліктің астына түсіп, қаза тапты.

Астанада "Керуен" маңында үш қызды қағып кеткен жүргізушіге үкім шықты

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік қатты жылдамдықпен қозғалған. 

"Октябрь ауданындағы жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі атқарылып жатыр. 28 ақпан күні көлік жүргізушісі артқа қарай қозғалып бара жатып, екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Екі әйел де алған жарақатынан оқиға орнында жап тапсырды. Аталған дерек бойынша, сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр", — деп мәлімет берді Қарағанды облысы ішкі істер департаменті. 

Айта өтсек, жүргізуші бес жылдан он жылға дейін сотталуы мүмкін.