Қоғам

Қазақстандық IT жоба Швейцарияда үздік деп танылды

WSIS 2018 чемпиондары мен жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2018 жылдың 19-23 наурызы аралығында Женева қаласында өтеді
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. "Техникалық қарап-тексерудің" бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша қазақстандық жоба Швейцариядағы WSIS-2018 конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ұлттық ақпараттық технологиялар сайты.

IT –алыптар: адамзат жасанды интеллектті "өмірге әкелмек"

Аталған жоба байқауға Қазақстан Республикасы атынан "АКТ-ны пайдалануда сенімділік пен қауіпсіздікті қалыптастыру" категориясы бойынша қатысқан.

WSIS Prizes-2018 конкурсында әлемнің әртүрлі мемлекеттерінен 685 жоба бағын сынады, оның ішіндегі ерекше деп танылған 492 жоба одан әрі онлайн дауыс беруге ұсынылған. Дауыс берудің қорытындылары мен қазылар алқасының сараптамалық бағалауы бойынша, әр категорияда ең үздік бестікке кірген 90 жоба жеңімпаз деп танылды.

WSIS 2018 жеңімпаздары мен чемпиондарын марапаттау рәсімі 2018 жылдың 19-23 наурыз айында Женева қаласында (Швейцария) өтеді.

"Техникалық қарап-тексерудің" бірыңғай ақпараттық жүйесі барлық техникалық қарап-тексеруден өту фактілері туралы ақпарат орталықтандырылған, сенімді және уақытылы жүргізілу үшін, жол-көлік апаттарының болу себептерін ықшамдау және Қазақстандағы барлық техникалық қарап-тексеру орталықтарын біріктіру үшін құрылған.

Жобаның негізгі мақсаты механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық қарап-тексеруден өтуін есепке алу  бойынша бірыңғай ақпараттық жүйені құру болып табылады.

Жүйе Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2013 жылдан бастап қолданылады.