Өңірлер

IT –алыптар: адамзат жасанды интеллектті "өмірге әкелмек"

© AP Photo / Joerg SarbachГериманиядағы электронды көрмедегі IBM компаниясының стенді
Гериманиядағы электронды көрмедегі IBM компаниясының стенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
IT-сектордың алып корпорациялары адамзатты жасанды интеллекттің пайда болуына даярлау үшін арнайы мамандар тобын құрды.

 АСТАНА, 4 қаз – Sputnik. IT- өнеркәсіптің бес әлемдік көшбасшысы — Microsoft, IBM, Facebook, Amazon және Alphabet корпорациялары – жасанды интеллект технологияларын жасап шығару үшін күш біріктірмекші деп хабарлайды Sputnik.

Бір-бірімен бәсекелес ұйымдардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруына дүние жүзі таң қалуда.

"Адам мен қоғам игілігі үшін жасанды интеллект шығару серіктестігі" деген ұзынсонар атқа ие болған мамандар тобы "компьютер ақылының" пайда болуынан туындайтын мәселелерді шешуді мақсат етеді. Халықаралық баспасөздің мәлімдеуінше, бұл топ жасанды интеллект саласында идеялар және нәтижелермен алмасу орталығына айналмақ.

Мамандар, ашық түрде қоғаммен байланыса отыра қызмет етіп, машиналық ақыл-ойдың пайда болуына халықты әзірлейтіндерін хабарлады. Көпшілік бұл компьютерлердің кесірінен қанша адам жұмыссыз қалады деп санайды. Және де роботтар адамға қарсы көтерілуі мүмкін дейді. Мұндай жаңсақ пікірлерді анықтап, жою үшін, мамандар осындай топ құруға шешім қабылдапты.  

Интеллекті жасап шығарған бізбіз, демек біз құдаймыз

Sputnik Эстонияның мәлімдеуінше, әйгілі эстон IT-маманы Олег Швайковскийдің сөзіне сүйенсек,  IT- өнеркәсіптің көшбасшылары жасанды интеллект жақын арада өмірге келеді деп жар салып асығыстық танытқан сияқты.

Швайковкийдің пікірінше, жасанды интеллект сөзінің өзі түсініксіз ұғым, "мына машинада ақыл-ес бар" деп айту мүмкін емес.

"Адамның ақылынан асып түсетін интеллект?  Сенбеймін." – дейді маман.

Оның айтуынша, аналитика қарыштап дамып кетті. Ауқымды деректерді жинап, өңдеуге арналған аса күрделі бағдарламаларды пайдаланатын машиналар бар, бірақ оларды жасанды интеллект деп айту артық. Оған қоса, "адам  интеллекті дегеніміз не?" деген сұраққа осы күнге дейін нақты жауап табылмай отыр.

 Сондай-ақ, жаңа өмір, жаңа интеллект жасап шығаруға деген ұмтылыс құдай атануға деген құлшынысқа ұқсайды. Олег Швайковскийдің пікрінше бұл дұрыс емес. 

Жаңалықтар
0