АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Астана-Петропавл жолының 140-шы километрінде 54 жолаушысы бар автобус сынып қалды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
"Ванхол" автобусы Мерке ауылынан шығып, Екатеринбургке бет алған екен. Алайда Ақмола облысы Бұланды ауданы Алакөл ауылына бір шақырым қалғанда бұзылып қалады.
Бұланды ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар автобустың 54 жолаушысын (олардың 52-сі Тәжікстан Республикасы азаматтары, біреуі – Ресей азаматы және екі қазақстандық жүргізуші бар) Бұланды ауданындағы мектептердің біріндегі жылыту бекетіне орналастырды. Жағдайлары бір қалыпты, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Қазір бұзылған автобус жөнделіп жатыр.