Оқиға

Ақтөбе түбінде Өзбекстан азаматтары мінген автобус апатқа ұшырады

© Photo : Rico_LoebЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус жыраға құлап кеткен

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Өзбекстан азаматтары мінген жолаушылар автобусы Ақтөбеден Хромтауға бара жатқан жолда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 

Полиция мәліметінше, жол апаты 25 ақпанда сағат 20.40 кезінде Самара-Шымкент тас жолында Жазық ауылына жақын жерде болған.

 

 

 

"Mercedes автобусының 35 жастағы жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғыны Ақтөбеден Хромтауға бара жатып, рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кетіп, артынша автобус аударылып қалған", — деп хабарлайды полиция.

Жол апаты салдарынан автобустың 7 жолаушысы – Өзбекстан азаматтары Хромтау қаласына ауруханаға жатқызылды. Автобуста барлығы 25 жолаушы болған.  


Жаңалықтар
0