Оқиға

Ақмола облысында жас баланы ит талап өлтірді

Ит баланың отбасына тиесілі, ол өз ауласында жеткіншекке тап берген
Sputnik

АСТАНА, 2 наурыз  — Sputnik. Ақмола облысында Кавказ овчаркасы жас баланы талап өлтірді, қылмыстық іс қозғалған.

Баласын өзенге батырып жатқан әйелді ит талап тастаған

Целиноград АІІБ-не 1 наурыз күні сағат 15:00-де Қажымұқан ауылынан қоңырау түскен.

"Өз үйінің ауласында алты жастағы ер баланы ит талап тастапты. Ит баланың отбасына тиесілі екені анықталды, жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды", — деп мәлімет берді ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстанға.

Баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.