АСТАНА, 2 наурыз — Sputnik. Ақмола облысында Кавказ овчаркасы жас баланы талап өлтірді, қылмыстық іс қозғалған.
Целиноград АІІБ-не 1 наурыз күні сағат 15:00-де Қажымұқан ауылынан қоңырау түскен.
"Өз үйінің ауласында алты жастағы ер баланы ит талап тастапты. Ит баланың отбасына тиесілі екені анықталды, жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды", — деп мәлімет берді ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстанға.
Баланың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.