АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Рудныйда телеарна ғимаратындағы оралған "бомба" туралы хабар берген ер адам ұсталды.
Жергілікті "Алау" басылымының ақпаратынша, 1 наурызда полицияға түскен хабарға сәйкес ТВС Рудный ғимаратының төртінші қабатында скотчпен оралған бума табылған. Оқиға орнына қаланың жедел қызметтері шұғыл жетіп, адамдарды эвакуациялады.
Жедел іздеу шаралары барысында полиция 28 жастағы күдіктіні ұстапты.
Аталмыш дерек ҚР ҚК 273-бабына "Террорлық акт туралы қасақана жалған хабар беру" сәйкес сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілген.