АСТАНА, 7 ақп – Sputnik. Петропавлда терроризм актісі туралы хабарлама тіркелді: қала тұрғыны өз пәтерін миналады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.
Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Петропавл қаласы ІІБ бірінші бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол үшін алты жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жауапқа облыс орталығының 61 жастағы тұрғыны тартылды.
" Петропавл қаласы ІІБ оперативті басқару орталығына Мира көшесінің бойындағы пәтерлердің бірінің санитарлық торабына жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түсті. Санаулы минутта аталған координат бойынша полицейлер, дәрігерлер мен жедел қызметтер келіп жетті. Тексеру барысында ешқандай қауіпті жарылғыш заттар табылмаған. Пәтер иесі өзінің қоңырау шалу себебін түсіндіре алмады", — деп ақпараттандырды ІІД-де.
Экстремизммен күрес жөніндегі бөлім басшысы Руслан Мухамбетжановтың атап өтуінше, осы жылдың басынан бері бұл облыс бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарлама берудің бірінші дерегі. Полиция қызметкерлері жалған терроршылардың орнын жедел анықтау үшін барлық шараларды қолданады.