Қоғам

Назарбаев әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Жарлықта жергілікті атқарушы органдарға кезекті шақыруды ұйымдастырып, жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз  — Sputnik. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2018 жылдың наурыз–маусымында және қыркүйек–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

Ресми хабарламада айтылғандай, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11-тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес қаулы етілген.

"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2018 жылдың наурыз– маусымында және қыркүйек–желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2018 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын", — делінген құжатта.

Жергілікті атқарушы органдарға тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету тапсырылды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.