АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнімен қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
"Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді", — делінген Елбасының құттықтауында.
Мемлекет басшысының айтуынша, отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді.
Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады, деп санайды Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында Қазақстан халқына бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тіледі.