Спорт

Қазақстанның футбол құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Станимир Стойлов "Астана" ФК бас бапкері қызметінен кетіп, енді Қазақстанның ұлттық құрамасын жаттықтыратын болды
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды, ол – белгілі болгариялық маман Станимир Стойлов, деп хабарлайды "Астана" футбол клубының сайты.

Стойлов: "Астана" Чемпиондар Лигасына қай жерде дайындалмақ?

Станимир Стойлов Қазақстанда "Астана" ФК бас бапкері ретінде төрт рет чемпиондық атаққа қол жеткізіп, үш жыл қатарынан команданы Еуропа кубоктарының топтық кезеңіне, тарихта алғаш рет Еуропа Лигасының 1/16 финалына шығарды.

"Астана" футбол клубы Станимирге атқарған жұмысы мен бірлесіп сіңірген еңбегі үшін үлкен алғысын білдіріп, Қазақстан құрамасының бапкері қызметінде мол табысқа кенелуді тілейді. Стойловтың тың тәжірибесі құраманы жаңа деңгейге көтеріп, жаңа еуропалық асуларға жетуге септігін тигізеді ден үміттенеміз және сенеміз!", — делінген хабарламада.