Сәрсенбі күні 12 сәуірде "Астана" ФК Қазақстан премьер-лигасы алтыншы турының күнтізбелік матчында "Ақтөбе" командасын "Тарлан-аренада" қабылдауға мәжбүр болды. Себебі клубтың негізгі алаңы "Астана-Аренада" көгалды айырбастап жатқан еді. Бірақ кезінде ұлттық біріншіліктің талай ойыны өткен "Тарлан-аренада" да жағдай оңып тұрған жоқ.
"Шынын айтқанда, өзім үшін ештеңе сұрамаймын, себебі бұл алаңдарда ойнайтын мен емес қой. Бар қалауым — Қазақстан футболының деңгейін көтеру — бұл осында келген әрбір легионердің басты міндеті. Және ойыншыларым жарақат алып қалмасын деймін. "Астана-Арена" алаңында жаттықпағанымызға бір айдай болып қалды. Жөндеу жұмыстарының қашан бітетіні белгісіз. Жазда концерт өткіземіз дейді, сондықтан қайда жаттығып, қайда ойнайтынымыз беймәлім. Чемпиондар Лигасына қалай дайындалмақпыз?", — деді Стойлов 3:0 есебімен "Астана" пайдасына шешілген мачтан кейінгі баспасөз мәслихатында.