Фото

Көктем келді, өңірлерді су басты

Sputnik

Мұз боп қатып жатқан топырақ пен бітелген арықтар судың жылғалармен ағып кетуіне кедергі болып, жағдай ушығып барады.

Қазгидромет Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына дабылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжауынша, таяу күндері қар көшкіні жүріп, ерген қар суы көтерілуі мүмкін.

Алматы облысы ТЖД мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет етуде. Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында, Талдықорған қаласында тұрғын үйлерді су басқан.

Алматы облысы табиғаттың алапат күшімен қалай күресіп жатқанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан біле аласыздар.

1 / 12
Оңтүстік елордамыз 20 учаскедегі су басу салдарымен күрес жүргізіп жатыр.
2 / 12
22 мен 27 ақпан аралығында Алматы тұрғындарынан 85 арыз келіп түскен.
3 / 12
Су басу салдарымен күресуге әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері жұмылдырылды.
4 / 12
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің айтуынша, Алматыдағы үйлер мен көшелерді су басуына арықтардың бітеліп, тазартылмауы себеп болған.
5 / 12
Су басу жайттары ең көп тіркелген аумақ – қаланың Алатау және Медеу аудандары.
6 / 12
Еріген қар суы бірнеше күннен бері Алматы облысы аудандары мен Талдықорған қаласын басып кетті.
7 / 12
Ауданның билік өкілдері жергілдікті деңгейде төтенше жағдай жариялап, су басу салдарымен күресуге әскери қызметкерлерді шақырды.
8 / 12
Үйлері суға кеткен тұрғындарды уақытша туған-туыстарына жеткізіп салып немесе Талғар қаласында ұйымдастырылған арнайы бекетке орналастырып жатыр.
9 / 12
Ұлттық ұлан сарбаздары су басу салдарымен күресуге жұмылдырылды.
10 / 12
28 ақпандағы ахуал бойынша Ұзынағашта 120 ауланы су басқан.
11 / 12
Алматы облысы Тұздыбастау ауылындағы ахуал.
12 / 12
Адамдарды тез арада эвакуациялауға тапсырма берілгенімен, жұртшылық баспанасын тастап кеткісі келмей отыр.