Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Көктем келді, өңірлерді су басты

Жазылу
Көктем келіп, күн жылына бастағанымен, халықтың қуануға мұршасы болмай жатыр. Өйткені еріген қар суы молайып, тұрғын үйлер мен жолдарды су алып кетті

Мұз боп қатып жатқан топырақ пен бітелген арықтар судың жылғалармен ағып кетуіне кедергі болып, жағдай ушығып барады.

Қазгидромет Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына дабылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжауынша, таяу күндері қар көшкіні жүріп, ерген қар суы көтерілуі мүмкін.

Алматы облысы ТЖД мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар күшейтілген режимде қызмет етуде. Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында, Талдықорған қаласында тұрғын үйлерді су басқан.

Алматы облысы табиғаттың алапат күшімен қалай күресіп жатқанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан біле аласыздар.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоОңтүстік елордамыз 20 учаскедегі су басу салдарымен күрес жүргізіп жатыр.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
1/12
Оңтүстік елордамыз 20 учаскедегі су басу салдарымен күрес жүргізіп жатыр.
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК22 мен 27 ақпан аралығында Алматы тұрғындарынан 85 арыз келіп түскен.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
2/12
22 мен 27 ақпан аралығында Алматы тұрғындарынан 85 арыз келіп түскен.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоСу басу салдарымен күресуге әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері жұмылдырылды.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
3/12
Су басу салдарымен күресуге әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері жұмылдырылды.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоТөтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің айтуынша, Алматыдағы үйлер мен көшелерді су басуына арықтардың бітеліп, тазартылмауы себеп болған.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
4/12
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің айтуынша, Алматыдағы үйлер мен көшелерді су басуына арықтардың бітеліп, тазартылмауы себеп болған.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоСу басу жайттары ең көп тіркелген аумақ – қаланың Алатау және Медеу аудандары.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
5/12
Су басу жайттары ең көп тіркелген аумақ – қаланың Алатау және Медеу аудандары.
© Photo : ДЧС Алматинской областиЕріген қар суы бірнеше күннен бері Алматы облысы аудандары мен Талдықорған қаласын басып кетті.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
6/12
Еріген қар суы бірнеше күннен бері Алматы облысы аудандары мен Талдықорған қаласын басып кетті.
© Photo : ДЧС Алматинской областиАуданның билік өкілдері жергілдікті деңгейде төтенше жағдай жариялап, су басу салдарымен күресуге әскери қызметкерлерді шақырды.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
7/12
Ауданның билік өкілдері жергілдікті деңгейде төтенше жағдай жариялап, су басу салдарымен күресуге әскери қызметкерлерді шақырды.
© Photo : ДЧС Алматинской областиҮйлері суға кеткен тұрғындарды уақытша туған-туыстарына жеткізіп салып немесе Талғар қаласында ұйымдастырылған арнайы бекетке орналастырып жатыр.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
8/12
Үйлері суға кеткен тұрғындарды уақытша туған-туыстарына жеткізіп салып немесе Талғар қаласында ұйымдастырылған арнайы бекетке орналастырып жатыр.
© Photo : Нацгвардия РКҰлттық ұлан сарбаздары су басу салдарымен күресуге жұмылдырылды.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
9/12
Ұлттық ұлан сарбаздары су басу салдарымен күресуге жұмылдырылды.
© Photo : Нацгвардия РК28 ақпандағы ахуал бойынша Ұзынағашта 120 ауланы су басқан.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
10/12
28 ақпандағы ахуал бойынша Ұзынағашта 120 ауланы су басқан.
© Sputnik / Сергей КимАлматы облысы Тұздыбастау ауылындағы ахуал.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
11/12
Алматы облысы Тұздыбастау ауылындағы ахуал.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАдамдарды тез арада эвакуациялауға тапсырма берілгенімен, жұртшылық баспанасын тастап кеткісі келмей отыр.
Су басу салдары - Sputnik Қазақстан
12/12
Адамдарды тез арада эвакуациялауға тапсырма берілгенімен, жұртшылық баспанасын тастап кеткісі келмей отыр.
Жаңалықтар
0