Өңірлер

Қызылордада бес қабатты үйдің қирауының анық-қанығы белгілі болды

Жатақхана тұрғындары мектепке орналастырылды, барлығы 63 адам эвакуацияланған
Sputnik

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қызылордада бес қабатты жатақхананың адам тұрмайтын подъезді қирады, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Қызылордада бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлады

Оқиға 28 ақпанда сағат 23:00 кезінде Титов ауылында болған.

"Адам тұрмайтын төртінші подъезд қираған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үй тұрғындары – 63 адам, олардың 17-сі балалар мектеп ғимаратына орналастырылды", — делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, үй төрт подъезден тұрады, біріншісі мен екіншісінде ешкім тұрмайды екен.

Жатақхана ғимараты 1971 жылы салынған.

Оқиға орнында штаб құрылып, үйіндіні тазартып жатыр.

1 / 2
Қызылордада жатақхана қирады
2 / 2
Қызылордада жатақхана қирады