АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қызылордада бес қабатты жатақхананың адам тұрмайтын подъезді қирады, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.
Оқиға 28 ақпанда сағат 23:00 кезінде Титов ауылында болған.
"Адам тұрмайтын төртінші подъезд қираған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үй тұрғындары – 63 адам, олардың 17-сі балалар мектеп ғимаратына орналастырылды", — делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, үй төрт подъезден тұрады, біріншісі мен екіншісінде ешкім тұрмайды екен.
Жатақхана ғимараты 1971 жылы салынған.
Оқиға орнында штаб құрылып, үйіндіні тазартып жатыр.
© Photo : КЧС МВД РКҚызылордада жатақхана қирады
1/2
© Photo : КЧС МВД РК
Қызылордада жатақхана қирады
© КЧС МВД РКҚызылордада жатақхана қирады
2/2
© КЧС МВД РК
Қызылордада жатақхана қирады
1/2
© Photo : КЧС МВД РК
Қызылордада жатақхана қирады
2/2
© КЧС МВД РК
Қызылордада жатақхана қирады