Өңірлер

Қазгидромет: екі облыста елді мекендерді су басуы мүмкін

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның оңтүстік-шығысы бойынша гидрометеорологиялық болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Синоптиктер 2 наурызда Жамбыл мен Алматы облыстарында жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

"Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Осының әсерінен қар еріп, таулы өзендер мен жазық аумақта еріген қар суы жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басуы ықтимал", — делінген хабарламада.  

Естеріңізге салып өтсек, Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.