Өңірлер

Ішкі істер министрлігі өңірлердегі төтенше жағдайдың себебін түсіндірді

ІІМ мәліметінше, су тасқынының басты себептері - арықтардың бітелуі және қардың уақытылы тазартылмауы
Sputnik

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты қардың еруі біраз бәсеңдейді, дегенмен ауылдарды су басып кетуіне адами фактор да әсер етті, деп санайды ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин.

Министр су тасқыны болуы мүмкін өңірлерді атады

"Түнгі температура төмендейтінін ескерсек, қатты жауын-шашын салдарынан қардың еруі біраз бәсеңдеп, жағдай түзеледі. Бұл қар еріп, өзен арнасынан тасуынан болатын су басу кезеңі емес. Жергілікті халық қарды уақытылы күремеуінен қалың қар еріп, төтенше жайт туындап отыр, мұнда жергілікті атқарушы органдардың да айыбы бар. Арық жүйесі тазаланып, қар жамылғысы күрелмеген. Басты себеп осы", — деді Ильин тілшілерге жауап беріп.

Министрдің орынбасары атап өткендей, су тасқыны Алматы және Жамбыл облыстарында болған, сондай-ақ Алматының өзінде де су басу жайттары тіркеліпті. Қысқаша айтқанда, өзге өңірлер су тасқыны мезгіліне дайын екендіктерін айтып, есеп берген.