АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Вашингтон түбінде орналасқан АҚШ-тың әскери базасында күдікті хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости. Үш адам ауруханаға жатқызылды.
"Әкімшілік ғимаратта (базаның) хат ашылғаннан кейін он бір адам сырқаттанып қалды", — деп жазылған хабарламада.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үш әскери қолы мен беті дызылдағанын айтып шағымданған. Біреуінің мұрнынан қан кеткен.
Оқиғаны АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері корпусы растап, бірнеше әскери қызметкер емделіп жатқанын мәлімдеді.
Тергеу жұмыстарына ФБР де атсалысып жатыр.