Әлем

АҚШ-тың әскери базасында хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті

CC0 / / Хат
Хат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті хатты ашқан әскери қызметкерлердің қолы мен беті дызылдай бастаған

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Вашингтон түбінде орналасқан АҚШ-тың әскери базасында күдікті хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті, деп хабарлады РИА Новости. Үш адам ауруханаға жатқызылды.   

Кабулдағы әскери академияға шабуыл. Арнайы операция кадрлары - Sputnik Қазақстан
Видео
Кабулдағы әскери академияға шабуыл. Арнайы операция кадрлары
"Әкімшілік ғимаратта (базаның) хат ашылғаннан кейін он бір адам сырқаттанып қалды", — деп жазылған хабарламада.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үш әскери қолы мен беті дызылдағанын айтып шағымданған. Біреуінің мұрнынан қан кеткен.   

Оқиғаны АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері корпусы растап, бірнеше әскери қызметкер емделіп жатқанын мәлімдеді.  

Тергеу жұмыстарына ФБР де атсалысып жатыр.   


Жаңалықтар
0