Оқиға

Ұлттық ұлан сарбаздары жанып жатқан көліктен бүлдіршінді құтқарды

Көшеде патрульде жүрген сарбаздар өртке оранған көліктегі кішкентай қызды көріп қалған
Sputnik

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Ұлттық ұлан сарбаздары Астанада жанып жатқан көліктен баланы құтқарды.

Оқиға дүйсенбі күні кешкі сағат сегізде болыпты. Алтынсарин көшесінде патрульде жүрген сарбаздар жасағы Volkswagen Passat көлігінің өртке оранғанын байқайды.

1 / 2
Өртке оранған көлікте бүлдіршін қалып қойған
2 / 2
Кішкентай қызды өрттен құтқарып алған сарбаздар

"Көлік иесінің немересі іште қалып қойған екен. Сарбаздар тез арада қызды алып шығып, өрт сөндірушілер келгенше жалынды сөндірген", — деп мәлімет берді Ұлттық ұлан.