АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Астанада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел көз жұмды. Марқұмның анасы Астана әкімдігінің № 1 перинатальды орталығынан моральдық және материалдық шығын өндіріп алды, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.
"Сотта белгілі болғандай, келіншек үш ай бойы дәрігерлерге қаралып, денсаулығының нашарлауына байланысты жүктілікті тоқтатуды өтінген. Дәрігерлердің өз міндетіне салғырт қарауы салдарынан науқастың өліміне әкеліп соқтырған сырқаттың қаншалықты ауыр екені анықталмаған", — деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Соттың шешімімен марқұмның анасына 2 миллион теңге көлемінде моралдық және 4,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірілді. Шешім заңды күшіне енді.