Өңірлер

Қарағандыда екі жасар бала тіс емханасында көз жұмды

Дәрігерлер науқасты жалпы наркозбен емдемек болған, алайда дәрі еккеннен кейін баланың жүрегі тоқтап қалған
Sputnik

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қарағандыда тіс емханаларының бірінде вена ішілік наркоз еккеннен кейін екі жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды ekaraganda.kz. 

Порталдың мәліметінше, отбасының досы Ольга Никулина баланың ата-анасының өтінішімен БАҚ-қа хабарласқан.  

Астана стоматологиясында тіс жұлдырған ер адам есінен танып қалды
"Маусымда екі жасқа толуы тиіс Семённің ата-анасы сол күні баланы Қарағандыдағы жеке тіс емханасына алып келген. Тісжегіні наркозбен емдеуге шешім қабылданады. Вена ішілік анестезия еккеннен кейін ол анафилаксиялық шок тудырып, салдарынан бала көз жұмған", — деп жазды портал. 

Ольга Никулина баланың ата-анасы Ресей азаматы екенін, Қазақстанда келісімшартпен қызметте жүргенін айтты.  

"Баланың ата-анасы клиникада екі құжатқа қол қойған. Анасы дәрігерлерге кейбір тамақтарға аллергиясы бар екенін ескерткен. Дәрігерлер анестезия егуден бұрын аллергиялық реакцияға сынама алмаған", — дейді әйел.

ШҚО-да шағын ауылда 50 бала сары ауруға шалдығып, біреуі қайтыс болды
Дәрі еккен кейін, оның айтуынша, баланың жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтап қалған, содан кейін жедел жәрдем шақырылған. Бала жансақтау бөлімінде көз жұмды.  

"Жүрегі тоқтап қалған. Олар өздері құтқармақ болып, адреналин еккен, содан кейін жедел жәрдем шақырған", — дейді Ольга Никулина. 

Баланың ата-анасы полицияға арыз жазды. Баланың мәйіті Ресейге – Омбы облысына жеткізілді.