Спорт

Қазақстандық спортшылар Олимпиаданы жалғыз "қоламен" аяқтады

Қазақстандық жанкүйерлердің ең соңғы үміті де ақталмады
Sputnik

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шаңғышы қыздарымыз 30 шақырымдық масс-стартта өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалі түсті
Бірақ, қазақстандық жанкүйерлердің ең соңғы үміті де ақталмады. Қыздарымыз барын салғанымен, жүлделі орынға қол жеткізе алмады.

Анна Шевченко 31-ші, Валерия Тюленева 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәреге қатар жетті.

Осылайша, еліміз спортшылары Оңтүстік Корея жеріндегі Олимпиада ойындарын аяқтап отыр. Команда қоржынында фристайлшы Юлия Галышева алып берген жалғыз қола жүлде ғана бар.