Спорт

Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалі түсті

© AP Photo / Gregory BullЮлия Галышева
Юлия Галышева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Юлия Галышева ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Sports.kz-ке сілтеме жасай отырып. 

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. 

Фристайлдың могул түрінен жарыста алғашқы ақтық кезеңде Юлия Галышева 75.10 ұпаймен жетінші орында болды. Екінші кезеңде қазақстандық спортшы 76.81 ұпаймен алтыншы келді. 

Үшінші ақтық кезеңде Галышева 77.40 балл жинап, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Олимпиаданың алтын медалін француз Пэррин Лаффонт иеленді. Ал күміс жүлдені канадалық Жастин Дафур жеңіп алды.

Жаңалықтар
0