Әлем

Қазақстанның СІМ Ресейде үш адамның қаза болуына қатысты түсініктеме берді

Қазақстандық дипломаттар Мәскеу түбінде үш адамның қаза болу фактісіне қатысты тергеу органдарының тексерісін бақылауда ұстайды
Sputnik

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мәскеу облысында жүк көлігінен мәйіті табылған үш адамның азаматтығын әзірге анықтай алмай отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.   

Ресейде жүк көлігінде жылынбақ болған үш қазақстандықтың мәйіті табылды
Бұдан бұрын Мәскеу облысы бойынша тергеу комитетінің бас тергеу басқармасы Чехов ауданына Қазақстаннан жүк тиеу үшін барған фурадан үш адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар — Қазақстан азаматтары.    

"Бұл оқиғадан хабардармыз. Қазақстанның Мәскеудегі дипломаттары жергілікті тергеу органдарымен байланыс орнатты. Тергеу жүргізіліп жатыр, ақпарат әзірге жарияланбай отыр. Қаза болғандардың азаматтығы туралы расталған мәлімет жоқ", — деп хабарлады Қазақстанның СІМ баспасөз қызметі. 

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адамдар газдан уланып қалған болуы мүмкін, алайда нақты себебі сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.