Әлем

Цирк әртісінің биіктіктен құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды

Оқиға Элиста қаласындағы "Ойрат-арена" спорт кешенінде болған
Sputnik

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Қалмақ Республикасының Элиста қаласында Мстислав Запашный циркінің әртістері өнер көрсетіп жатқанда акробаттардың бірі биіктіктен құлап кетті. Оқиғаның бейнежазбасы YouTube-те жарияланды. 

Көрермен көзінше биіктен құлап кеткен гимнастшы циркке қайта оралмақ
"Калмыкия-Онлайн" порталының хабарлауынша, әуе акробаты Антон Мартынов трюк көрсету кезінде цирк аренасына құлап түскен. Оқиға республика астанасындағы "Ойрат-арена" спорт кешенінде болды.

"Әртіс басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, қазір жағдайы тұрақты", — деді журналистерге цирк өкілі.