АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. 28 жастағы гимнастшы жаңа жылдық қойылым кезінде үш метрлік биіктіктен құлап, жарақат алған. Әуеде өнер көрсететін әртіс жоғарыға көтерілген кезде қолындағы торға оралып, сыртқа шығып кетіпті, деп хабарлайды КТК.
Ұялы телефонға түсірілген видеода жерде жатқан Дарияға әріптестері жан-жақтан көмек көрсетіп жатқаны көрінеді. 11 жылдық тәжірибесі бар әртістің бұл сахнада алғаш рет оқыс оқиғаға тап болуы екен.
"Жамбасы мен қабырғасында жеңіл жарақаты бар. Бүгін өзіміз барып көрдік. Жағдайы жақсы. Он күнде шығаратын болды. Осында істегеніне, тіпті 11 жыл. Голландиядан гран при алып келген. "Азия жаңғырығының" алтын жүлдегері", — дейді Астана циркінің бас директоры Ерік Жолжақсынов.