АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Новосібір қаласында автокөлік тротуарда тұрған адамдарды қағып кетті. Салдарынан екі кісі қаза тапқан, бастапқы мәлімет бойынша, біреуі – үш жастағы бала. Тағы үш адам әртүрлі жарақат алыпты.
"Новосібірде Лыщинский алаңы маңында Honda CR-V жаяу жүргіншілерді басып кетті. Жаяу жүргіншілер тротуармен келе жатқан. Бастапқы себептер бойынша, ер адам рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кеткен", — деп хабарлады Ресей ІІМ өңірлік басқармасының өкілі РИА Новости агенттігіне.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Желіде куәгерлердің жазуынша, жүргізуші Отан қорғаушылар күні құрметіне ұйымдастырылған отшашуға қарап қалған көрінеді.
В Новосибирске женщина и трехлетний мальчик погибли, еще трое человек пострадали в результате наезда внедорожника Honda CR-V на толпу во время салюта в честь #23февраля#ДеньЗащитникаОтечестваhttps://t.co/LEVeTLC1OG#Новосибирск#Россия#автоpic.twitter.com/4IJv9ZBPRC
— Yuriy ⚡️ (@yuriy_rus96) 23 февраля 2018 г.