АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Австралияның Мельбурн қаласында жол талғамайтын көлік бір топ адамды басып өтті, 19 адам зардап шекті, оның төртеуі хәл үстінде жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
"Он бес адамның жағдайы қалыпты, төртеуі хәл үстінде жатыр", — деп хабарлады штаттың премьері Виктория Дэниел Эндрюс баспасөз конференциясы барысында.
Полиция өкілі зардап шеккендердің арасында полицей бар екенін айтты.
Бейсенбі күні ақ джип Мельбурн орталығындағы көше қиылысынан өтіп бара жатқан бір топ адамды жоғары жылдамдықпен соққан. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші бұл әрекетті қасақана жасаған, алайда оның көздегені не екені әзірге белгісіз. Жүргізушіден бөлек тағы бір адам ұсталды.
Билік бұл оқиға теракт ретінде бағаланбайтынын мәлімдеді.