Қоғам

Астанада қоғамшылдар туберкулезге шалдыққан науқастарды іздейтін болды

Денсаулық сақтау басқармасы үкіметтік емес ұйымдарды туберкулезбен ауыратын науқастарды іздеуге жұмылдырмақ
Sputnik

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Халық арасында туберкулезге шалдыққандарды ертерек анықтау үшін Астана әкімдігі қоғамшылдарды жұмылдыруды көздейді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана әкімі науқастардың дәрісін ұрлаған дәрігерлерді жауапқа тартпақ

Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың пікірінше, туберкулез дертін уақытылы анықтау бойынша былтырғы көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген. 

"Біз бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылуы керектігін түсінеміз, ал емханалардың қауқары туберкулез дертіне шалдыққандарды белсенді түрде іздеуге жетпейді", — деді ол басқарманың коллегиялық кеңесі отырысында.

Туберкулез дертін анықтау өте қиын, өйткені ауруға шалдыққан жандар дәрігерге қаралуға өздері бармайды. Сол себепті үй-үйді аралап науқастарды іздеуге тура келеді.

Надыровтың айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес елордалық басқарма бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыруға шешім қабылдады.