Қоғам

Астана әкімі науқастардың дәрісін ұрлаған дәрігерлерді жауапқа тартпақ

Ауруханадан дәрі-дәрмектің ұрлануы туралы деректі полиция тергейді, деп хабарлады Әсет Исекешев
Sputnik

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында науқастарға берілетін дәрі-дәрмекті ұрлайтын медициналық қызметкерлерді жауапқа тартпақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сағынтаев министрден өңірлерге дәрі жеткізу неге кешеуілдеп жатқанын сұрады

Денсаулық сақтау басқармасының коллегиялық кеңесі отырысында Елжан Біртанов бас дәрігерлердің назарын "дәрі-дәрмектердің ұрлану" жайтына аударды.

Министрдің айтуынша, тегін дәрі-дәрмек алу үшін базаға тіркелген азаматтар шын мәнісінде көмекке қол жеткізе алмай отыр.

"Біз кездейсоқ 500 адамға хабарласып, олардың дәрі-дәрмек алмағанын анықтадық. Сонда қалай? Бұл дәрі қайда кетіп жатыр? Қазір тиісті тексеру жүргізіп жатырмыз", — деді денсаулық сақтау министрі.

Елорда басшысы Әсет Исекешев бұл ақпарат расталса, істі құқық қорғау органдары қарайтынын мәлімдеді.