Өңірлер

Мұнай кен орнындағы қайғылы оқиға: дәрігерлер аман қалған жұмысшының хәлі туралы айтты

Жұмысшы есін жиыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
Sputnik

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Ақтөбе облысында мұнай кен орнында зардап шеккен жұмысшының хәлі туралы дәрігерлер айтып берді.

Ақтөбе облысында мұнай кен орнында жұмысшы қаза тапты

Темір аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегеновтың берген мәліметінше, жұмысшының беті бері қарап келеді.

"Кеңқияқ ауылдық ауруханасына аудан орталығынан реаниматолог жіберіліп, зардап шегушіге медициналық жәрдем көрсетілді. Жұмысшы ауруханаға комада жатқан күйі жеткізілген. Қазір дәрігерлердің бақылауында, есін жиып, сұрақтарға жауап береді", — дейді Демегенов.

Дәрігердің айтуынша, науқастың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.