АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Тәжікстанда улы ұннан жасалған тандыр нан жеген 50-ден астам адам ауруханаға түсті.
Таулы-Бадахшан автономды облысы Ишкашим ауданында он алты бала мен 38 ересек адам зардап шеккен, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
"Бәрі де дәрігерлердің ерекше бақылауына алынған. Жағдайлары жақсарған соң, ауруханадан шығарылады", — деп атап өтті Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Тәжіктерде бастапқы ауру нышандары 17 қаңтарда байқалыпты. Сөйтсе, дертке шалдыққандардың бәрі құрамында улы өсімдік – гелиотроп бар ұннан жасалған тандыр нан жеген екен.
31 қаңтарда уланып қалған 11 жастағы бала көз жұмды.