Әлем

Ғалымдар маскүнемдіктің ақыл-ой кемістігіне әкелетінін анықтады

Ішімдік көп ішкен адам ақыл-ой кемістігі дертіне шалдығуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Франция мен Канаданың бір топ ғалымы маскүнемдіктің ақыл-ес кемістігіне алып келу қаупі зор екенін анықтады. Зерттеу нәтижесі The Lancet Public Health журналында жарияланды. 

Ғалымдар маскүнемдіктен емдеудің оңай жолын тапты

Ғалымдар Франциядағы ауруханаларда ем қабылдаған 57 353 адамның медициналық көрсеткіштеріне талдау жүргізген. Зерттеуге қатысқан науқастардың бәрінде деменция (ақыл-ой кемістігі) ауруының бастапқы кезеңі анықталды. 

Зерттеу кезінде белгілі болғандай, науқастардың 38,9 пайызы ішімдікке қатты әуес болған, 17,6 пайызы маскүнемдік салдарынан түрлі дертке шалдыққан. 

Осылайша, деменциямен ауыратын пациенттердің 56,5 пайызында сырқаттың ішімдікпен тікелей байланысы анықталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл тұжырым ер адамдарға да, әйелдерге де қатысты.