АСТАНА, 11 ақпан— Sputnik. Квинсленд технологиялық университетінің ғалымдары ішімдікке тәуелділіктен арылуға қандай дәрінің көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды "Известия" MedicalXpress-ке сілтеме жасай отырып.
Бұл әдіс – тандоспирон, ол анксиолитикалық және антидепрессант препарат.
Тышқандарға жүргізілген эксперимент бұл препараттың ішімдіктен бас тартамын деп шешкен адамның бойында пайда болатын үрейлі сезімнен арылуға көмектесетінін көрсеткен. Нәтижесінде бұл ішімдікке тәуелділікті төмендетіп, мидің жасушаларын сақтап қалуға ықпал етеді.